USD
USD
USD

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғыз композиторы жазған әнұран орындалады

ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Астанадағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Шыңғыс Есенгүл уулумен кездесті.

Көшпенділер ойыны
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ермек Маржықпаев қырғызстандық әріптесіне ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, биылғы спорттық жарысқа әлемнің 89 елі қатысуға өтініш білдіргенін атап өтті.

«Ойындарға дайындық аясында «Қырғыз Республикасының балалар олимпиадалық ауылы» қоғамдық бірлестігі, құқық иесімен «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» логотипі мен брендін өтеусіз пайдалануға лицензиялық келісім жасалды. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары (ДКО) Хатшылығының Бішкек кеңсесінің ұсыныстарына сәйкес, біз ойындарды өткізу дәстүрін сақтауға бағытталған бірқатар міндетті талапты ескердік. Соның ішінде ДКО-ның логотипінде көшпенділердің қасиетті символы ретінде су элементін сақтап қалдық», - деді ҚР Туризм және спорт министрі.

Ермек Маржықпаев Ойындардың ашылу салтанатында спортшылар шеруін Қырғыз Республикасының өкілдері бастайтынын жеткізді. Сондай-ақ атақты қырғыз композиторы Эмиль Кенжекулов жазған әнұран орындалады.

Астанадағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары спорттың 21 түрінен өтіп, 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Көшпенділер ойындарының бағдарламасы спорт, мәдениет және ғылым бағытындағы оқиғаларды қамтиды.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енеді және 8-13 қыркүйек күндері Астанада өтеді. Елордаға 2000-нан астам спортшылар мен ресми тұлғалар, 100 мыңнан астам туристер келеді деп күтілуде. Ойындарды дайындау мен өткізуге 1000 ерікті жұмылдырылады деп жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова