USD
USD
USD

Ұзынағаш тұрғыны вирус жұқтырып алған

Алматы облысында соңғы коронавирус жұқтырған науқас Ұзынағаш ауылының тұрғыны.

Ұзынағаш тұрғыны вирус жұқтырып алған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус инфекциясы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғынынан анықталған.

29 наурызда ол КВИ белгілерімен Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылған, талдаулар оң нәтиже көрсетіп, азаматтың ауырғанын анықтады. Ер азамат карантин енгізілгенге дейін Алматы қаласында иық буындарының артритіне байланысты ем қабылдаған. Онымен қарым-қатынаста болған екі адам анықталып, олар провизорлық стационарға карантинге жатқызылды.

Атап өтсек, 2020 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ-мен ауырған 7 сырқат тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Хакерлер BilimClass платформасындағы пән атауларын өзгерткен

Смартфон

Атырау облысында 425 мыңнан астам азамат дауыс бере алады

.

Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы басталды

Сайлау

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция