USD
USD
USD

Ұзынағаш ауылында арықтардың тазартылмауынан аулаларды су басты

2023 жылғы 7 ақпан күні сағат 17:12-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Наурызбай батыр көшесінде ауланы су басқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады ТЖМ.

Ұзынағаш ауылында арықтардың тазартылмауынан аулаларды су басты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жерге Ұзынағаш ауылының №4 өрт сөндіру бөлімінің жедел тобы шықты.

Аулаларды су басу жеке үйлертұрғындарының осы көше бойындағы арық жүйесін тазалау жұмыстарын жүргізбеу салдарынан орын алды, оларға жақын арада арықтарды қоқыс пен қардан тазарту ұсынылды.

Шақырту орнына келгеннен кейін қардың еруінен тұрғын үйдің ауласын еріген су басу қаупі бар екені анықталды. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен ұзындығы 40 метр көше бойында 20 тонна инертті материалдар төселді, сондай-ақ жертөледен 0,2 текше метр су тазаланды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінен 5 қызметкер мен 2 техника (1 бірлік - мотопомпа), 30 әскери қызметші, 1 бульдозер, ТЖМ №28237 әскери бөлімінен 2 Камаз, 10 қызметкер және жергілікті атқарушы органдарынан 2 техника жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік