USD
USD
USD

Ұзынағаш және Өтеген батыр ауылдарына қала статусы беріле ме? Алматы облысының әкімі жауап берді

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда қалаға айналуы мүмкін ауылдардың тізімін ұсынған болатын.  Ол тізімде Алматы облысынан Ұзынағаш және Өтеген батыр ауылдары бар.  

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ
Фото: ОКҚ

Деректерге сүйенсек, Қазақстанда 10 мыңнан астам халқы бар 112 ауыл бар. Министр Нұрлан Байбазаров Заң бойынша ол ауылдардың қала статусын алуы керек екенін атап өткен. Ал Ұзынағаш және Өтеген батыр ауылдарының халқы 70 мыңнан асқан. 

Алматы облысындағы аталмыш ауылдарға қала статусын беру жоспарда бар ма?

NEGE тілшісі жолдаған сауалға Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында Алматы облысының әкімі Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ жауап берді. 

Сұлтанғазиев
ОКҚ

«Дәл қазір ол мәселе біздің күн тәртібімізде жоқ. Өйткені, қазір өзіміз басқа да үлкен жобаларды іске асырып жатырмыз. Қала статусын беру – кешенді жоспарды талап етеді. Әлбетте, оған үлкен қаражат керек. Аты ауысып, заты ауыспағаннан пайда болмайды. Екіншіден, көп қызметкердің, әсіресе әлеуметтік саладағы мамандардың, ауылға арналған үстемақылары бар. Қала статусы берілсе, үстемақыдан қағылады. Сол себепті, дәл қазіргі уақытта ондай мәселе күн тәртібінде жоқ», - деп жауап берді Алматы облысының әкімі. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе