USD
USD
USD

 Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жиыны өтіп жатыр

Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жиыны өтіп жатыр.

 Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жиыны өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге барды.

Бұл саммитке ұйымға мүше елдердің басшылары қатысуда. 2022 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения Республикасы төрағалық етіп жатыр.

Жиын барысында ҰҚШҰ-ның даму болашағы талқыланып, ұйымның мерейтойына арналған мәлімдеме қабылданбақ. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (ҰҚТ) 1992 жылғы 15 мамырда Ташкентте қол қойылды.

2002 жылғы 14 мамырда Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Мәскеуде өткен сессиясында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың тетіктері мен құрылымдарын халықаралық аймақтық ұйым – «Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымға» өзгерту, оған тиісті мәртебе беру туралы шешім қабылдады.

2003 жылғы 18 қыркүйекте ҰҚШҰ Жарғысы өз күшіне енді. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан кіреді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы