USD
USD
USD

«Үздік ауыл дәрігері» анықталды

Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасындағы «Кәсібінің үздігі» республикалық байқауының қорытындысы бойынша Сүлейман Керімұлы Гандалиев «Үздік ауыл дәрігері» номинациясының жеңімпазы болып анықталды.

Сүлейман Керімұлы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген сәттен бастап Сүлейман Керімұлы өзін ауыл медицинасына арнады. Бүгінде ол Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның Қарағанды дәрігерлік амбулаториясының дәрігері болып жұмыс істейді.

Ондаған жылдар бойы жұмыс істеген ауыл дәрігері өз ауылдастарының үлкен құрметіне ие болды және өз ауданында өмірді сақтайтын нағыз қаһарманға айналды.

2021 жылы Сүлейман Гандалиев жоғары біліктілігі мен медицина ісіне адалдығы үшін «Шапағат» медалімен марапатталды.

Денсаулық сақтау министрлігі биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізуде және әрбір жеңімпазға өз номинациялары бойынша материалдық көтермелеу ретінде 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы көзделген.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған мұнай компаниясы «ҚазМұнайГазға» өтті

.

Футболдан Қазақстан бірінші лигасында бапкер бас төрешіге су шашып жіберген

су шашқан

«Әділет» партиясын елдегі ең ірі қоғамдық және салалық бірлестіктер қолдады

.

«Көзқарасымыз сәйкес келмейді»: Давид Лория Марат Омаров туралы ойын айтты

.