USD
USD
USD

«Үздік акушер» номинациясының жеңімпазы анықталды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасындағы «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады.

Үздік акушер
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Үздік акушер» номинациясында Ергепбаева Айгерім Қуантқанқызы жеңімпаз атанды.

Айгерім Қуантқанқызы 15 жылдан бері Қызылорда қаласының Облыстық перинаталдық орталығында перзентхана блогының бірінші санатты акушері болып жұмыс істейді. Оның қамқор қолдары арқылы мыңдаған сәбилер дүниеге келді.

Акушер – бұл жаңа өмірдің қуанышын сыйлайтын және қиын сәтте әйелге осындай маңызды қолдау көрсететін ең маңызды маман. Босанудың сәтті нәтижесі, ана мен баланың өмірінің қауіпсіздігі акушердің біліктілігі мен сезімталдығына байланысты.

Ол өз әріптестеріне босандыруды қадағалап-қарауды және еркін түрде қабылдауды, қиын жағдайларда шұғыл көмек көрсетуді үйретеді.

Айгерім Ергепбаева «Ана болу қауіпсіздігі», «Тиімді перинаталдық технологиялар» және «Омырау сүтімен қоректендіру практикасын қорғау, қолдау және көтермелеу» бағдарламаларын іске асыруға, сондай-ақ Орталыққа «Балаға достық қарым-қатынас ауруханасы» атағын қайта беруге үлкен үлес қосты.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов