USD
USD
USD

Үздік полицейлер марапатталды

Алматыда үздік полицейлер марапатталды.

Үздік полицейлер марапатталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов, ардагерлер және полиция департаментінің жеке құрамы қатысты.

Ержан Бабақұмаровтың айтуынша, мегаполисте алты мыңнан астам полицей қызмет етеді.

«Алматы полициясы құқық қорғау органдарының ерлігіне үлгі бола алады. Сондықтан алматылықтар өздерін қауіпсіз сезінеді. Пандемияның ең қиын жағдайында да, бүкіл әлемде қылмыс артқан шақта алматылық полицейлердің тәртіпті қамтамасыз еткендері соншалық, тіпті, қылмыс екі есеге азайды. Мұндай көрсеткіштермен әлемнің кез келген қаласы және кез келген құқық қорғау жүйесі мақтана алады. Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды тәуекелге қоя отырып, тәулік бойы шаһардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндіктеріңіз үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Сіздерге жаңа маңызды жетістіктер, қызметтеріңізде сәттілік тілеймін», – деді Ержан Бабақұмаров.

Алматы қалалық Полиция департаменті төрт ішкі істер министрін, 17 министрдің орынбасарын, 27 облыстық және қалалық аумақтық полиция бөлімшелерінің басшысын тәрбиеледі.

Президент Жарлығымен 36 алматылық полицейге полиция генерал-майоры атағы берілді.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Жақсылық Омар

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

.

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

.

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті