USD
USD
USD

Ұялы байланыс операторларының тарифті негізсіз көтеру әрекеттері қаралып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұялы байланыс операторларының тарифті жөн-жосықсыз көтеруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Байланыс операторлары, SIM карта
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Қазір агенттік ұялы байланыс операторларының 2024 жылы және 2025 жылдың басынан бастап бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуынан бағаның өсуіне әкелетін іс-әрекеттерді қарап жатыр. Агенттік операторлардың тариф бағасын негізсіз көтеру фактілерін анықтаған кезде тергеу рәсімі тағайындалады. Осы орайда, тарифтерді көтерудің негізі тек тергеу шеңберінде тексерілуі мүмкін. Тергеу - бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуды растайтын немесе жоққа шығаратын нақты деректерді жинауға бағытталған монополияға қарсы органның іс-шарасы», – делінген ресми сауал жауабында.

Сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Кселл» АҚ, (Activ), «Мобайл Телеком–Сервис» ЖШС (Теле2/Алтел) және «Кар-Тел» ЖШС-не (Beeline) қатысты бұған дейін басталған тариф бағасын бір мезгілде көтеру, яғни бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл белгілері бойынша тергеу амалдары аталған операторлардың сот тәртібімен шағымдануына байланысты күшін жойғанын мәлім етті.

«Заң бұзушылық фактісі Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін тергеу қорытындылары бойынша ғана анықталуы мүмкін», - дейді агенттіктен.

Қазір оқып жатыр

«Әділеттің» бағдарламасы елдегі әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңейтеді – Жақсыбек Жиенәлиев

.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

банк

Қазақстанда ет қымбаттап жатыр: Үкімет нарықты тексеруді тапсырды

баға

Мұнай мен уранға қатысы жоқ: АҚШ Қазақстан тауарларына жаңа баж салығын енгізеді

санкция