USD
USD
USD

Үйі су астында қалған 130 отбасы жаңа баспанаға ие болды

 Су тасқынынан кейін 20 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болған. Бұл жайында Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

үй
Фото: qaz-media.kz

Алматы, NEGE. Бүгінгі таңда 20 601 отбасы 7,4 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК (369 200 теңге) мөлшерінде біржолғы төлем алды.

Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,1 млрд теңгеден асты.

Үкімет11 мамырдағы жағдай бойынша 130 отбасы ескі үйінің орнына жаңа баспанаға ие болды.

Бұл ретте Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға берілетін 239 жаңа үй салынып жатыр.

Сонымен қатар 568 отбасы 710 млн теңгеден астам сомаға үйін жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды.

Жалпы алғанда зардап шеккен өңірлерде 9995 тұрғын үй тексеріліп, 7522 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді.

 

Қазір оқып жатыр

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен

Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?

Әлібек Қуантыров

Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды

Маңғыстау облысы