USD
USD
USD

«Ювентус» жеңілді

Бүгін футболдан Италия кубогының финалы өтті. Осылайша аталған елде доп додасы қайта жалғасты.

«Ювентус» жеңілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Финалдық ойында Неапольдің «Наполи» және Туриннің «Ювентус» командалары өзара шеберлік байқасты. Жеңімпаз пенальти тебу арқылы анықталды. Бұл жолы «Наполи 4:2 есебімен ұтты.

Осылайша, команда өз тарихында алтыншы мәрте кубокты төбесіне көтерді.

Ал «Ювентус» бұдан бұрын 13 мәрте кубок иегері атанған еді.

Енді, Италияда 20 маусымда А сериясындағы 27-тур ойындары басталады. Ол 23 маусымға дейін өткізіледі. Ойындар жанкүйерсіз өтеді.

Чемпионат 2 тамызда мәресіне жетеді деп жоспарланып отыр. Қазір турнир кестесінде 26 ойыннан кейін 63 ұпаймен «Ювентус» көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы «Лационың» - 62, «Интердің» 52 ұпайы бар. Қазірге дейін Англия, Германия, Испания чемпионаттары қайта жалғасты.

Ал Францияда доп додасы бітпестен «Пари Сен-Жермен» чемпион болып шешілді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай