USD
USD
USD

Утилизациялық алымды жинаумен мемлекеттік ұйым айналысады

Мемлекет басшысы утилизациялық алымның қажеттілігі туралы қоғамдық талқылауларға нүкте қойды.

Утилизациялық алымды жинаумен мемлекеттік ұйым айналысады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.   Атап айтқанда, Президент «ӨКМ Операторы» компаниясының утилизациялық алымды жүзеге асыру жұмысын тоқтатуды тапсырды.

Мемлекет басшысының айтуынша, утилизациялық алымды жинаумен мемлекеттік ұйым айналысуы тиіс. Сонымен қатар, Президент қазақстандықтардың автокөлік сатып алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында утилизациялық алымның көлемін қайта қарауға шақырды. Жалпы, Мемлекет басшысы елдегі утилизациялық алым мәселесіне уақытылы назар аударды. Жаһандық өткізгіш тапшылығы жағдайында Қазақстандағы автосалондарда жаңа автомобиль жеткіліксіз. Енді азаматтарда шет елдерден автокөлікті бәсекелі бағамен сатып алу мүмкіндігі пайда болады. Сондай-ақ, утилизациялық алымды жеке компаниядан мемлекеттік ұйымның қарамағына беру алымдардың ашықтығын арттыруға және халықтың мемлекеттің утилизация саясатына деген сенімін нығайтуға ықпал ететінін атап өткен жөн.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан