USD
USD
USD

Юсуп Батырмұрзаев күрес түрлерінен Олимпиадаға жолдама алды

Алматыда өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирінде қазақстандық еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаев Олимпиадаға жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz.

Юсуп Батырмұрзаев күрес түрлерінен Олимпиадаға жолдама алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 125 келіде белдесетін Юсуп жартылай финалда үндістандық балуан Самит Самиттен 2:0 есебімен басым түсті. Осылайша, іріктеу турнирінің финалына шығып қана қоймай, Токио Олимпиадасына жолдама еншіледі.

Айта кетейік, бұл – қазақстандық еркін күрес шеберлерінің бесінші жолдамасы. Бұған дейінгі (төрт салмақ бойынша) жолдамаларды Әсет Серікбаев шәкірттері Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында иеленген болатын. Өкінішке қарай, 86 келідегі Азамат Дәулетбеков өзбек балуанына есе жіберіп, лицензиясыз қалды.

Юсуп Батырмұрзаев 1996 жылдың 13 сәуірінде дүниеге келген. Ақтөбе облысының намысын қорғайды, 2020 жылғы Азия чемпионатында топ жарған. Қазақстан командасының қоржынындағы лицензиялардың жалпы саны 48-ге жеткенін еске саламыз. Күрес түрлеріндегі лицензиялар жеке балуанға емес, тұтас командаға беріледі.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.