Үстел теннисі: Үздік командалар анықталды
Алматыда үстел теннисінен Қазақстан ашық чемпионатының 1-турының үздік командалары анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Алматы, NEGE. Талдықорғанның "Sarkan" клубы Суперлигада (Денис Жолудев, Алексей Жуков, Даниил Травин, Ескендір Харки) тоғыз матчта тоғыз жеңіске жетті және ағымдағы жылдың жазына дейін кезекті тур өткенше турнирлік кестеде көшбасшы атануда. Екінші орында "Қарағанды" ҮТК (Владислав Захаров, Бартош Сух, Эрик Райтер), үшінші орында "Хван Ман-Гым" өзбекстандық СК (Исломбек Султонов, Никита Панов, Шохрух Искендеров).
Бірінші лиганы 100 пайыз нәтижемен өзбекстандық "Andijan" (Альберт Шириев, Умид Зокиров, Жалоллидин Журабоев, Шерзод Мамажонов, Тимур Шириев) клубы жеңіп алды, ал алматылық "Alga Express" (Айя Әлімбаева, Игорь Медведев, Глеб Горбенко, Данил Хегай) және "Ардагер" (Тимур Бейсалиев, Александр Максимов, Дмитрий Горбенко, Алексей Хен, Айдын Меделхан) клубтары турнирлік кестеде сәйкесінше екінші, үшінші орындарда орналасты.
Қазір оқып жатыр
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады
Алматы метросында колледж студентінен оқ-дәрі табылып, қылмыстық іс қозғалды