USD
USD
USD

Үстел теннисі: Әлем чемпионатында қазақстандық алғаш рет «алтын» алды

Тунисте жасөспірімдер арасында үстел теннисінен әлем чемпионатында қазақстандық Алан Құрманғалиев аралас сында мысырлық Хана Годамен бірге жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үстел теннисі: Әлем чемпионатында қазақстандық алғаш рет «алтын» алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан үстел теннисі федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық-мысырлық жұп финалда португалиялық Тьяго Абиодана – испаниялық Мария Берзосадан басым түсті.

«Бұл – тарихи жетістік! Алан Құрманғалиев әлем чемпионы атанды. Бұл – қажырлы еңбек пен спортшының өз ісіне берілгенінің жемісі. Алан жыл бойы үзбей жаттығып, шеберлігін жетілдіре отырып, халықаралық жарыстарда 19 медальға қол жеткізді. Бүгін Қазақстан үстел теннисі тарихында алғаш рет әлем чемпионы атанды. Бұл спорт түрінен еліміз жаңа халықаралық деңгейге көтерілді. Бұл бәріміз үшін аса маңызды. Чемпионды тәрбиелеген бапкер Эльмира Алиеваға алғысымды білдіремін. Алан мен барлық жанкүйерлерді құттықтаймын. Біздің спортшымызбен мақтанамыз!», деді Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулғазин.

Э.Алиева – Қазақстан үстел теннисі құрамасының бас бапкері әрі Аланның жеке жаттықтырушысы. Ол Аланды жеті жасынан бері жаттықтырып келеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы

Павлодар мұнай-химия зауытындағы бензин сапасы тексерілді: не анықталды?

бензин сапасы

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді алу уақыты екі есеге қысқарады

ЖИ

Пәкістанда перзентханада өрт шығып, 15 сәби көз жұмды

Пәкістандағы өрт