USD
USD
USD

Үстел теннисі: Қазақстандық спортшылар ширек финалға дейін жетті

Бейрутта (Ливан) үстел теннисінен WTT Feeder Beirut халықаралық турнирі аяқталды, деп жазады Olympic.kz.

Үстел теннисі
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Аталған сынға Қазақстан атынан 10 спортшы – Айдос Кенжеғұлов, Сарвиноз Мирқадірова, Владислав Захаров, Зауреш Ақашева, Санжар Жұбанов, Анель Бақыт, Искандер Харки, Ангелина Романовская, Ирисбек Артықметов, Арай Ашкеева өнер көрсетті.

Өкінішке қарай, біздің теннисшілер жүлделі орыннан көрінген жоқ. Бірақ құрмет тұғырына ең жақын Анель Бақыт/Ангелина Романовская және Зауреш Ақашева/Сарвиноз Мирқадірова орналасты. 

Олар әйелдер арасындағы жұптық сында ширек финалға дейін жетті.

22 наурызда Бейрутта WTT Feeder Beirut II турнирі басталады. Аталған сында құрамаға Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев те келмек.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық