USD
USD
USD

Ұсталғандарды өлтіру, азаптау және билікті асыра пайдалану бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

Алматыда 24 адам қамауда заңсыз болған. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

Ұсталғандарды өлтіру, азаптау және билікті асыра пайдалану бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бүгінде прокуратура органдарына полиция қызметкерлеріне қатысты 91 шағым түсті. Әрқайсына жауап бердік. 19 өтініште заңбұзушылық расталмады. 56-сы әлі тексеріліп жатыр.

Расталған жағдалар да бар. Мысалы, 12 қаңтарда Алматы прокуратурасы заңсыз ұсталған 24 қала тұрғынын босатты. Сондай-ақ, ұсталған адамдардың өлімі, азаптау және билікті асыра пайдалану деректері бойынша істер тергеліп жатыр. Республика бойынша барлығы осындай 16 қылмыстық іс қозғалды", - деді Елдос Қилымжанов ОКҚ баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, зорлық-зомбылық жасау және медициналық көмек көрсетпеу жағдайларын тәуелсіз тексеру үшін адам құқықтары жөніндегі уәкілге және құқық қорғау ұйымдарына ұсталғандар мен қамауға алынғандармен байланысуға рұқсат берілді. Бұдан басқа, Республикалық адвокаттар алқасымен бірлесе отырып, заң бойынша уақтылы білікті көмек көрсету, сондай-ақ қорғаушылардың мекемелерге қол жеткізуі мәселесі шешілді.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: прокурор жүргізушіге қандай жаза сұрады?

апат

Түркістан облысы егіздер мен үшемдер саны бойынша көш бастады

егіздер

Машинист темір жолда жалғыз жүрген бес жасар баланы аман алып қалды

пойыз

Қазақстанда қатерлі ісіктің емі табылғаны рас па?

больница