USD
USD
USD

Успен ауданында мас скутерші қамалды

Материал сотта қаралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz .

Успен ауданында мас скутерші қамалды
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Успен ауылында «Назар аудар, балалар» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде күдік туғызған ауыл тұрғынын ұстады. 

Сараптама нәтижелері күдік деректерін растады, медициналық куәландыру алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесін көрсетті. Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотта қаралды, оның шешімі бойынша ер адам 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Скутер айып тұрағына қойылды, – деді Успен аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Арман Ашренов.

Полицейлер жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және рұқсат етілген ең жоғары жылдамдықтан асып кету жүргізуші мен жол қозғалысының қалған мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін есте сақтауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG