25 Мамыр 09:12
...

Үсік жүреді: 25 мамырдағы ауа райы болжамы

Қ
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 25 мамырда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады. Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, ал 26 мамырда Павлодар облысында түнгі уақытта 1-3 градус үсік жүреді.

Алматы, NEGE. Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. СолАу түстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 16 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауlf 25 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 16 м/с.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 25-27 мамырда облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.