USD
USD
USD

Үсік, тұман, жел: 13 өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 10 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үсік, тұман, жел: 13 өңірде ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Атап айтқанда, түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 23 м/с артады. Түнде өңірдің солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Шымкент қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысы мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде өңірдің батысында, оңтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің шығысында кей уақытта жылдамдығы 25 м/с күшейеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде өңірдің шығысында күші 15-20 м/с артады.

Астана қаласында түнде және таңертең тұман болжанады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысын тұман басады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз өңірдің оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Павлодар облысының оңтүстігі мен батысында жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 25 м/с артады.

Түнде 10-12 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болжанады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал. Түнде таулы аудандарда 3 градус үсік күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров тағы үш жылға сайланды

Republica

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид