USD
USD
USD

«Ұшты, ұшты... Тоғызқұмалақ ұшты!» – Ойын тақтасын ғарышқа ұшырудың құны қанша?

Әдетте бір нәрсеге таң қалғанда «Айды аспанға шығарды» деп жататын еді, бұл жолы Туризм және спорт министрлігі тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа шығарып жіберіпті...

Ұлттық ойын түрі
Фото: Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бұл министрліктің Дүниежүзілік көшпенділер ойынына байланысты жаңалығы болса керек, сірә. Министрлік өкілдерінің айтуынша, олар Ресейдің ғарыш агенттігімен келісіп, тақтаны ғарышқа беріп жіберген. 

«Тақта 9 қыркүйек күні ғарышқа ұшып кеткен, миссиясы аяқталған соң жерге қайта оралды. Бұл ерекше оқиға, өйткені тоғызқұмалақ – ғарышта болып келген тұңғыш ұлттық ойынымыз», – депті министрлік.

Ербол Мырзабосынов биыл 2 қыркүйекта Туризм және спорт министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы болған. Тоғызқұмалақты ғарышқа ұшырып жіберу идеясы кімдікі екенін министрліктегілер айтпады. Бұл идея экс-министр Е.Маржықбаевтікі ме, әлде Е.Мырзабосыновтікі ме?

Туризм және спорт министрі
Е.Мырзабосынов. Фото: ғаламтордан

Айтпақшы, тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа ұшыру үшін Туризм және спорт министрлігі қанша ақша төледі? Әр заттың салмағы есептеулі ғарыш кемесіне ресейлік ғарышкерлер тоғызқұмалақ тақтасын ермек үшін алмағаны белгілі ғой. Біз бұл сұраққа жауап алу үшін министр Е.Мырзабосыновтың атына ресми сауал жолдаймыз.

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында тоғызқұмалақ додасына 41 елден 114 спортшы қатысып жатыр. Бұлардың арасында Колумбия, Бангладеш, ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Лавия, Африка және кейбір араб елдері бар.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай