USD
USD
USD

Үшінші сәбиін күтіп жүрген танымал жұп некесін енді қидырды

Бұл туралы «Алматы» телеарнасының Paparazzi бағдарламасында айтты.

Үшінші сәбиін күтіп жүрген танымал жұп некесін енді қидырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жеңісхан мен танымал хейр-стилист Дива Бони гендер-пати өткізді. Жұлдызды жанұяның шаңырағында үшінші атұстар дүниеге келмек. 4 жылға жуық азаматтық некеде тұрған жұп енді ресми түрде ерлі-зайыпты атанды. Бұл туралы «Алматы» телеарнасының Paparazzi бағдарламасында айтты.

«Заңды некеге отырдық. Менің тегімді алды. Бізде бәрі керемет», – дейді  режиссер Жеңісхан Момышев.

Бұл жұп осы уақытқа дейін жанұялық өмірін жұрттан жасырып келген еді. Инстаоқырмандар әйгілі хейр-стилистен балаларының әкесі кім екенін жиі сұрайтын. Бірақ Бони жолдасы жайлы жақ ашпаған, сондай-ақ, арадағы азаматтық неке туралы ешкімге тіс жармаған. Олар отбасылық одақ нық орныққанда ғана көпшілікке жария етуді жөн көріпті. 

«Жеңісхан балаларын өте қатты жақсы көреді. Осы бірге тұрған жылдар бойы екеуіміз бір-бірімізді қолдап, қиындықта демеу болып келеміз», – дейді хейр-стилист Балнұр Момышева.

«Біз алғаш рет Сивидің туған күнінде таныстық. Одан кейін Салтанат Бақаеваның бейнебаянын түсіру барысында бірге жұмыс істедік. Содан бері екеуіміз біргеміз. Қазіргі таңда Аллаға шүкір, балапандарымыз бар. Мен Жеңісханды алғаш көргенде өз адамым екенін сездім. Содан кейін жібермей қойдым», – деп күледі Балнұр Момышева.

Бір көріп ғашық болған режиссер жар таңдауда жаңылыспағанын айтты.

«Біз бір-бірімізге қатты ұқсаймыз. Екеуміз де жұмыс істегенді қатты жақсы көреміз. Менің келіншегім қатты пысық», – дейді режиссер Жеңісхан Момышев.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон