USD
USD
USD

Үшінші рет локдоун жариялауы мүмкін

Австрия мемлекеті үшінші рет локдоун жариялауы мүмкін.

Үшінші рет локдоун жариялауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Австрия билігі үшінші рет қатаң жалпыұлттық локдаун енгізуі мүмкін. Бұл туралы жергілікті ақпарат көздері хабарлайды. Шектеу шаралары Рождестводан кейін 26 желтоқсанда күшіне енуі мүмкін. Айта кеткен жөн, елде коронавируске қатысты қабылданған соңғы қатаң локдаун он шақты күн бұрын ғана жеңілдетілген еді. Осылайша өткен аптаның басында дүкендерге, мұражай мен сән салондарына ашылуға рұқсат берілген. 24 желтоқсаннан бастап, тау-шаңғы шипажайлары, ал 7 қаңтарда мейрамханалар мен қонақ үйлер жұмысы қайта жанданады деп жоспарланған еді. Алайда үшінші рет локдаун жарияланса, тәртіп қайта өзгеруі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy