USD
USD
USD

Үшінші рет кейінге шегерілді

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова (10-1, 5 КО) ресейлік Софья Очигаваға қарсы жекпе-жегінің кейінге шегерілгенін жариялады, деп жазады Prosports.kz. Бұл туралы спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

Үшінші рет кейінге шегерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Достар, менде нашар жаңалықтар бар! Коронавирусқа байланысты Қазан қаласындағы оқу-жаттығу жиынына уақытында бара алмайтын болдым. Сондықтан София Очигавамен жекпе-жегім кейінге қалдырылды. Өкінішке қарай, София келесі кездесуін басқа боксшымен өткізеді. Ол жайлы кейінірек айтып беремін... Маған жақын уақытта Қазанға жетуге кім көмектесе алады, жекеге жазыңыз», – деп жазды Фируза.

Бұған дейін Шарипова мен Очигава арасындағы кездесу 19 шілдеде өтетіні хабарланған. Аталған жекпе-жек үшінші рет кейінге қалдырылып отыр. Әу баста кездесу 19 маусымда өтеді деген ақпарат шықты.  Көп ұзамай 4 шілдеге шегерілді. Тағы бірер күннен соң Бокс күні мерекесіне орай 4 шілдеден 19 шілдеге ауыстырылған болатын.    Айта кетейік, спортшы өзінің кәсіби мансабын София Очигаваға қарсы жекпе-жектен бастады. 2016 жылдың 21 мамырында Мәскеуде өткен жекпе-жекте ресейлік боксшы жеңіске жетті.

Қазір оқып жатыр

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова

Алматыда жаңадан төселген тротуар опырылып түсті

Опырылған тротуар

«Халықтық құрылыс»: халық игілігіне бағытталған ауқымды жоба

 Жансая Нұралиева