USD
USD
USD

Үшінші бітімгершілік рота Ливаннан оралды

Үшінші бітімгершілік рота Ливаннан

Үшінші бітімгершілік рота Ливаннан оралды
Фото: NEGE.kz

елге оралды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE.  «Бүгін Ливан Республикасындағы сегіз айлық қызметтен кейін үшінші бітімгерлік рота елге оралды. Бітімгершілік миссияға жіберілген әскери қызметшілерді десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы, әскери бөлім командирлері мен қазақстандық бітімгерлік полкінің жеке құрамы қарсы алды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода атап өткендей, алдыңғы топтар секілді еліміздің үшінші бітімгершілік құрамына да сегіз ай уақыт аралығында Ливандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелді.
«Олардың миссиясын орындау кезеңінде қабылдаушы елде әскери-саяси, экономикалық жағдайы күрделі болды, әлемде «COVID-19» коронавирустық инфекциясының тез таралуы байқалды, бірақ біздің әскери қызметшілер қойылған тапсырманы орындады», - делінген хабарда.
«ҚР Қарулы Күштерінің контингентімен бітімгершілік миссияны орындау еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделін нығайту жолындағы маңызы зор», - деп атап өтті десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы полковник Бауыржан Артықов.
«Сіздер жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, өз міндеттеріңізді адал атқардыңыздар», - деді Артықов.
Ол «бітімгершілік күштердің жаңа, төртінші контингенті Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшісі деген атын асқақтататынына» сенім білдірді.
«Қазақстан Республикасының БҰҰ бітімгершілік қызметіне қатысуы еліміздің халықаралық деңгейдегі сыртқы саясат қызметінің маңызды саласы болып табылады», - деп атап өтті министрлік.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

Зарина Дияс

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Temu

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Нұрлан Сабуров

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Мирзиеев, Тоқаев