USD
USD
USD

Үшарал – Достық тас жолында екі жүк көлігін қатты жел төңкере салған

Жетісу облысындағы желдің екпіні қатты болғаны сонша Үшарал – Достық тас жолында екі "фура" бір жанына қарай құлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үшарал – Достық тас жолында екі жүк көлігін қатты жел төңкере салған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жүргізушілер зардап шеккен жоқ, көліктер көтеріліп, өз жүрісін жалғастырды.

"Екі "фура" Үшарал - Достық тас жолының жүк және жолаушылар көлігінің қозғалысына шектеу енгізілген 60-120 шақырымы аралығындағы учаскеде аударылғанын хабарлаймыз. Екі жүргізуші де аман-сау. Автокөліктер көтеріліп, өз жүрісін жалғастырды".

Сондай-ақ департамент бұл учаскеде жиі қатты жел болатынын, сондықтан бұл маң жүк және жолаушылар көлігі үшін қауіпті екенін нақтылайды.

3 желтоқсанда Екатеринбург – Алматы тас жолының учаскесінде қозғалыс қайта қалпына келтіріліп, алдында енгізілген шектеу күшін жойды.

Қазір оқып жатыр

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік

Қатардан – инвестиция, Каспийге – қорған, экология: Тоқаев халықаралық кездесулерде не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Шымкентте бір үйдің екі баласы көз жұмды: полиция өлімнің алдын ала себебін айтты

Полиция көлігі