USD
USD
USD

Ұшақтың неден құлағаны анықталды

Бүгін сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Bek Air әуекомпаниясының №Z2100 рейсі, Fokker-100 ұшағы ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, жерге құлады.

Ұшақтың неден құлағаны анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысы Талғар ауданы аумағында Гүлдала мен Әлмерек елді мекендері арасындағы екі қабатты құрылысқа ұшақ құлады.

Дереу құтқару жұмыстары басталып, өрттің алдын алу жұмыстары жүргізілді. Медициналық көмек көрсету үшін 40 жедел жәрдем бригадасы іске кірісті. Құтақару жұмысына жалпы 700 адам мен 119 техника жұмылды.

Қазіргі уақытта қаза болғандар саны – 15 адам, зардап шеккендер –12 адам (8 ересек, 4 бала).

ҚР Премьер-Министрі Үкімет комиссиясын басқарды. Комиссия құрамында Премьер-Министрдің орынбасары, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаты 2019 жылы мамырда берілді.

Борттың шығарылған күні 1996 жылдың сәуір айы. Қазақстандық тізімде 2016 жылғы 26 тамызда тіркелген (куәлік нөмірі 940). Bek air авиакомпаниясында 9 борт тіркелген. Оқиғаның егжей-тегжейлі жағдайлары мен себептері анықталады. Қазіргі уақытта пайдаланушы сертификатын және Bek air авиакомпаниясының ұшу жарамдылығын Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тоқтатты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары