USD
USD
USD

Ұшақтың апаттық есігін ашқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ұшақтың апаттық есігін ашқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұшақтың апаттық есігін ашқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: Фото: ғаламтордан

Ұшақтың апаттық есігін ашқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 23 желтоқсанда Fly Arystan әуе компаниясы өкілдерінің өтініші бойынша Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкент – Алматы бағытындағы рейс жолаушысын анықтап, ұстады. Құқық бұзушы акт бойынша рейстен түсірілді. Тексеру барысында ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Алматы қаласының 29 жастағы мас тұрғыны анықталды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол мас күйде болған.

Құқық бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі, 566-бабы 1-бөлігі, 434-бабы 1-бөлігі бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырып, 8 АЕК көлемінде айыппұл салды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданатын болады.

Аталған бап бойынша құқық бұзушы 15 тәулікке дейін қамалуы мүмкін. 

Қазір оқып жатыр

Зейнетақы жинағына берілетін мемлекеттік кепілдік неге алынып тасталуы мүмкін?

.

Қазақстан Сингапурдың зейнетақы моделіне көше ме?

зейнетақы

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров