USD
USD
USD

Ұшақты ресейлік зымыранмен атып түсіруі мүмкін бе?

Британдық  Bellingcat басылымы Тегеран түбінде құлаған украин ұшағын «Тор» зенитті зымыранды кешенімен (ЗЗК) атып түсіруі мүмкін дейтін болжамды тексеруге кірісті. 

Ұшақты ресейлік зымыранмен атып түсіруі мүмкін бе?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Bellingcat негізін қалаушы Элиот Хиггинсөзінің Twitter парақшасында хабарлады. Бұған дейін Ashkan Monfared есімді адам әлеуметтік желіде ұшақ құлаған жерден түсірілді делінген суретті жариялаған еді. Фотосуретте зымыранның оқтұмсығына ұқсас зат бейнеленген. 

Элиот Хиггинс егер бұл бөліктің қайда жатқаны нақтыланбаса, суретке ғана қарап әуе апатына осы себепші деп кесіп айтуға болмайтынын мәлімдеген. Дегенмен журналист Bellingcat жолаушы ұшағы «Тор» зымыранының құрбаны болуы мүмкін деген жорамалды мұқият тексеретінін айтты. 

«Біз ұшақтың соңғы сәттегі орнын зерттейміз (әуе кеңістігіндегі) және ирандық әскери базалардың соған дейінгі қашықтығын есептейміз, ұшақтың «Тор» жүйесінің қолы жететін аумақта болған-болмағанын тексереміз», – деп жазды Хиггинс.

Ашық дереккөздерге сенсек, Иран әскерінде ресейлік «Тор-М1» ЗКК-нің 29-ы бар көрінеді. Бұл кешендерді Ресей Тегеранға 2007 жылы жеткізіп берген. 
 

Қазір оқып жатыр

Дайрабаев Қожаназаров туралы: «Көреалмаушылықты доғаруымыз керек»

Жигули Дайрабаев

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Ауыл партиясы

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

.

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель