Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарған Түркия дәрігері марапатталды

 Өмір мен өлім үстіндегі бала жанын ажалдан арашалап қалған түркиялық дәрігер марапатталды.

Ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарған Түркия дәрігері марапатталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осыдан бірнеше ай бұрын Бішкектен Ыстанбұлға ұшып келе жатқан қазақстандық нәрестенің жүрегі сыр беріп, тоқтап қалады. Мұны естіген борттағы түрік депутаты әрі дәрігер Режеп Шекер жасанды тыныс алдырып, жүрегіне массаж жасап, сәбиді аман алып қалады. Оқиғамен таныс болған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Шекерге «Ерекше батылдығы үшін» алғыс хатын жөнелтті. Президенттің марапатын Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы түрік парламентінде табыстап, жүрек жарды алғысын білдірді. Салтанатты шараға Түркия Ұлы ұлттық Мәжілісінің депутаттары мен қызметкерлері қатысты.

Өз кезегінде Режеп Шекер: «Әрбір оқиғаның өзіндік мәні бар» деп, алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру үшін бар күш-жігерін жұмсайтындығын жеткізді. «Оқиғаның болғаны өкінішті. Дегенмен, нәтижесі жақсы. Нәрестелердің отбасымен хабарласып тұрамыз. Тіпті бірнеше күн бұрын бейне жолдапты. Салмақ қосыпты. Аман болсын. Екі елдің бауырластық және достық қатынасына себепші болды. Ілтипат білдірген Президент Қасым- Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіріп, бірер күн бұрын өткен туған күнімен құттықтаймын»,- деді дәрігер Режеп Шекер.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА