USD
USD
USD

Ұшақта электронды темекі шеккен жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды

Әуе кемесінің бортында темекі шеккен кәмелетке толмаған жолаушы қыздың заңды өкіліне айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұшақ іші
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. SCAT әуекомпаниясының Атырау – Тараз бағытындағы рейсі ұшып келгеннен кейін Тараз қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері акт бойынша құқық бұзушыны түсіріп алды. Тексеру барысында көлік полицейлері Атырау қаласының 15 жастағы тұрғынын анықтады.

Ол ұшу кезінде ұшақ салонында электронды темекі шеккен. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған жолаушымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Сақшылар оған темекі шегудің, алкогольді ішімдік ішудің және басқа да қауіпті психотроптық заттардың денсаулыққа зияндылығы туралы айтты.

Сондай-ақ ұшақ бортында қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін түсіндірді. Бұдан бөлек, қыздың заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Вице-президент, Құрылтай төрағасы: Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімі жаңартылды

Пантеоан аумағы

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова