USD
USD
USD

«Ұшақпен вирус шашты» деген рас па?

Алматы Фтизиопульмонология орталығының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, фтизиохирург, пульмонолог Абзал Малбасқанов ел арасында тараған «ұшақпен вирус шашты» деген әңгімеге қатысты түсінік берді. 

«Ұшақпен вирус шашты» деген рас па?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, ел арасында тараған «ұшақтармен вирус шашты» деген әңгіме шындыққа жанаспайды.

«Кейбір адамдар жалған ақпарат таратуға құмар. Ұшақпен, тікұшақпен вирус шашып кетіпті деген ақпарат әлеуметтік желіде көптеп таратылып жатыр. Бұл адамның ақылына да сыймайды. Бұл сұраққа еуропалық ғалымдар бірден жауап берген. Жер бетіндегі коронавирус инфекциясының барлығын жинағанның өзінде жалпы салмағы 1 келіге жетпейді. Оны барлық өңірге қалай сеуіп шығуға болады?», – деді Малбасқанов.

Маман сондай-ақ, дезинфекциялық құралдар пневмония тудырады деген ақпаратқа түсінік берді.

«Дезинфекциялық құралдар пневмония емес, аллергия туғызуы мүмкін», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов