USD
USD
USD

Ұшақ жолаушыларынан енді ПТР-анықтама талап етіледі

Қырғыз еліне ұшақпен баратын барлық қазақстандықтардан ПТР-анықтама талап етіледі. Бұл туралы ақпарат «Эйр Астана» сайтында жарияланды.

Ұшақ жолаушыларынан енді ПТР-анықтама талап етіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ереже барлық жолаушыларға, соның ішінде Қырғыз елі азаматтарына да 23 қаңтардан бастап қолданылады.

Қырғыз Республикасына сапар шегетін барлық жолаушылар ПТР сынағының теріс нәтижесі бар анықтамасын ұсынуы керек (құжаттың қолданылу мерзімі нәтиже алынған сәттен бастап Бішкекке рейс келгенге дейін 72 сағат құрайды), делінген хабарламада.

ПТР-анықтаманы ағылшын немесе орыс тілдерінде беруге болатындығы атап өтілген. Егер бұл құжат басқа тілде берілсе, орыс / ағылшын тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы болуы қажет.

7 жасқа дейінгі балаларға тест тапсырудың қажеті жоқ.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян