USD
USD
USD

Ұшақ бортында темекі шеккен қыздарға айыппұл салынды

Ұшақ бортында темекі шеккен қыздарға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұшақ бортында темекі шеккен қыздарға айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әуе кемесінің бортында темекі шеккені үшін Астана қаласының 20 жастағы тұрғыны акт бойынша “Шарм-Эль-Шейх – Астана” бағытындағы әуе рейсінен түсіріліп, көлік полицейлеріне берілді. Жас қыз ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды (153 150 тг).

Орал қаласының тұрғыны, тағы бір жолаушы қыз дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін “Орал – Алматы” бағытындағы әуе рейсінен түсірілді. 

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейсінен 379 азаматты түсірді, оның ішінде әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін – 106, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 204 адам жауапқа тартылған.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108 долларға жетті

мұнай бағасы

ҚМГ ауруханаға берген 131 млн теңге «жымқырылған»: Жаңаөзенде экс-шенеунік тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті