USD
USD
USD

Ұшақ бортында темекі шеккен Германия азаматына айыппұл салынды

  Ұшақ бортында темекі шеккен Германия азаматы 150 мың теңге айыппұл төлейді. 

Ұшақ бортында темекі шеккен Германия азаматына айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобыландин мәлім еткендей, елорда әуежайындағы желілік полиция бөліміне «Air Astana» әуе компаниясының өкілінен Франкфурт-Нұр-Сұлтан бағытындағы әуе рейсінің бортында құқықбұзушылық болғаны жөнінде хабар түскен. Жолаушы ұшып келгеннен кейін акт бойынша көлік полициясына берілді.

«Тексеру барысында полицейлер ұшу кезінде әуе кемесінің дәретханасында темекі шеккен 58 жастағы Германия азаматының темекі шеккенін анықтады. Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 441-бабы 1-2-бөлігіне (әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтыну) сәйкес хаттама толтырылып, 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды», – деді полиция полковнигі Қ.Қобыландин. Көліктегі полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері көлік сақшылары әкімшілік құқықбұзушылыққа барған 12 687 адамды жауапкершілікке тартты. Соның 257-сі белгіленбеген орындарда шылым шеккен.  

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер