USD
USD
USD

Ұшақ апатында жүкті келіншекті құтқарған жігіт қандай марапат алды?

2019 жылы 27 желтоқсанда Алматының іргесінде болған ұшақ апаты кезінде аяғы ауыр әйелді құтқарып қалған 23 жастағы Темірлан Қадауов марапатталды.

Ұшақ апатында жүкті келіншекті құтқарған жігіт қандай марапат алды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  2019 жылы 27 желтоқсанда Алматының іргесінде болған ұшақ апаты кезінде аяғы ауыр әйелді құтқарып қалған 23 жастағы Темірлан Қадауов марапатталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласының полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Серік Күдебаев ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен 23 жастағы Темірлан Қадауовқа «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалін табыс етті.

«Жас жігіт төтенше жағдай кезінде айрықша батылдық танытып, жанында отырған аяғы ауыр әйелді денесімен жауып құтқарып қалды. Сондай-ақ өзінің де жарақат алғанына қарамастан, құтқарушылар келгенше ұшақтағы жолаушылардың дереу сыртқа шығуына көмектескен. Темірлан Қадауов бұл марапатқа әбден лайық. Бұл ең алдымен, халықтың өз қаһарманына деген алғысы», – деді С.Күдебаев.

2019 жылдың 27 желтоқсанында бортында 93 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар Bek Air ұшағы Алматы түбінде апатқа ұшыраған еді. ІІМ апат салдарынан 12 адамның көз жұмғанын хабарлады. Ұшақ апатының себебін анықтауға қатысты тергеу амалдары басталды. Ұшақтың «қара жәшігін» тексеру үшін Мәскеу қаласына жөнелткен еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығын неге ала алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана

Ауызекі қазақ тілін қай сервис жақсы таниды?

Мемлекеттік тіл

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт