USD
USD
USD

Ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы қалай?

27 желтоқсан күні таңертең Алматы маңына құлаған ұшақта болған жолаушылардың бірқатары әлі де ауруханада. Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, Алматы ауруханаларында апаттан зардап шеккен 27 адам жатыр. Олардың жетеуі – бала.

Ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы қалай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ауруханада жатқандардың барлығының жағдайы бірқалыпты. Сауығып келе жатқандары бар. Тек бір адам Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Үш адам емін жалғастыру үшін Нұр-Сұлтан қаласының ауруханасына санавиация арқылы жеткізілген.

Жалпы алғанда, дәрігерлер 22 адамға шұғыл түрде көмек көрсеткен. Жасалған оталардың барлығы да сәтті өтіпті. Екі балаға жоғары технологияның көмегімен қандауыр қолданбай-ақ жамбас сүйектеріне ота жасалған.

Дәрігерлер екінші ұшқыштың ес жиғанын мәлімдеді. «Оның жағдайы бір қалыпқа түсті. Есін жиды. Сөйлесіп жатыр, ақыл-есі бүтін» деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.    

Қазір оқып жатыр

Сарапшы 4,6 млрд доллар айыппұлды мұнай компанияларының акцияларына айырбастауды ұсынды

.

Тоқаев Атыраудың жаңа әкіміне қандай тапсырма берді?

.

Шымкентте мүгедектігі бар әйел туыстарының кесірінен баспанасыз қалған

.

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығына неге жете алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы