Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ұшақ апатынан екі адам тірі қалған

Пәкістанда Airbus A-320 ұшағының апатқа ұшырауынан аман қалған екі адамның бірі болған оқиғаны баяндап берді.

Ұшақ апатынан екі адам тірі қалған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұхаммед Зубаирдің айтуынша, ұшқыш әуе кемесін сәтті қондыра алмаған соң, ондағы жолаушылар дұға ете бастаған екен. Айтуынша, "ұшақ құлайды деп ешкім ойламаған". Ал ол қайта қонатыны туралы хабарланғанда, шамамен 10-25 минуттан кейін "қатты соққы болып", ер адам есінен танған. Көзін ашқанда "барлық жер түтін" болған және "айналасында барлығы айқайлап жатқан".

"Өрт қана көрінді. Адамдарды көрмедім, тек олардың айқайы естілді. Қауіпсіздік белдігін шешіп, жарықты көрдім де, соның артынан жүрдім. Қауіпсіз орынға жету үшін шамамен 10 фут төменге (шамамен үш метр) секіруге тура келді", - деді ол.

Зубайра ауруханаға жеткізілді. Қазір, айтуынша, ол өзін жақсы сезінеді, бірақ қолы мен аяғы күйіп қалған. Апат кезінде аман қалған екінші адам - Пенджаб банкінің президенті Зафар Масуд, апат кезінде бірнеше жері сынған.

Еске салайық, 22 мамырда Пәкістанның Лахор қаласынан Карачи қаласына ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады.

Дереккөз мәліметінше, Airbus A320 Карачидегі тұрғын үйлердің біріне құлаған. Салдарынан бірнеше үй бүлінген. 97 адам қаза тапты. Лайнер бортында барлығы 99 адам болған. Олардың екеуі ғана аман қалды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА