USD
USD
USD

Ұшақ апатынан зардап шеккен ресейліктер Мәскеуге эвакуацияланды

Маңғыстаулықтар ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлікті Мәскеуге шығарып салды, деп хабарлады Ақтау қаласының әкімдігі. 

Ұшақ апаты
Фото: Ақтау әкімдігі

Алматы, NEGE. Күні кеше Ақтауға Ресейден ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмектесу үшін медицина қызметкерлер мінген борт ұшып келген болатын. Бүгін олар түрлі деңгейдегі жарақат алған 9 отандасымен бірге елдеріне қайтты.

Ресейлік делегацияны Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары мен жастар ақ тілектерін айтып, шығарып салды.

Айта кетейік, жарақат алғандардың барлығына Ақтаудағы ауруханаларда қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Сондай-ақ Ақтауда Вице-премьер Қ.Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.

Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбай қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілендігін айтты.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық