USD
USD
USD

Ұшақ апатынан қаза тапқан Әзірбайжан азаматтарының денелері отанына жөнелтілді

28 желтоқсан күні, сағат 23:30 шамасында Ақтаудан әуе апатында қаза тапқан 24 Әзірбайжан азаматының (оның ішінде үшеуі экипаж мүшесі) денесі еліне жөнелтілді.

Ақтау
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Соңғы күндері қаза тапқандардың денелерін анықтау бойынша тынымсыз жұмыстар жүргізілді. Анықтау кезінде ДНҚ талдауы жүргізіліп, оған жақын туыстары қатысты.

Еске сала кетсек, 25 желтоқсан күні болған әуе апатынан 29 адам аман қалды. Оларға Мемлекет басшысының тапсырмасымен елордадан келген білікті мамандар сапалы медициналық көмек көрсетті. Медициналық көмек алған Әзірбайжанның 14 азаматы еліне оралды.

Жергілікті атқарушы орган өкілдері апаттан зардап шеккендердің және қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев