USD
USD
USD

Ұшақ апатынан аман қалғандар тізімінде қазақстандықтар жоқ

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы ұшақ апатынан кейін облыстық ауруханаға түскендердің тізімін жариялады.

Ақтау
Фото: gov.kz

Ақтау, NEGE. Дәрігерлердің хронологиясы бойынша 25 желтоқсан күні сағат 10:58-де бірінші санатты және шұғыл шақырту түсті. Оқиға орнына жедел жәрдемнің 22 бригадасы мен Орталық медицина орталығынан (апаттар медицинасы орталығы) алты бригада және төртінші санаттағы екі жедел жәрдем бригадасы жіберілді.

Апат салдарынан барлығы 29 адам аман қалды. Олардың 27-сі жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Олардың 11-і ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы екі бала түсті. Оларды отаға дайындап жатыр. Оқиға орнынан төрт адамның мәйіті табылды.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Денсаулық сақтау министрлігіне қабылданғандардың тізімін ұсынды. Тізімде Қазақстан азаматтары анықталмады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты