2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Ұшақ апатынан аман қалған стюардессаның ауруханадағы видеосы тарады

Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. 

Айдан Рахимли
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Ұшақ апаты салдарынан 29 адам ауруханаға жатқызылды, 38 адам қаза тапты. Пациенттер түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен.

Ұшақта 5 экипаж мүшесі болған. Олардың үшеуі қаза тауып, екеуінің аман қалғаны белгілі болды. Стюард Зулфугар Асадов пен стюардесса Айдан Рахимли әртүрлі ауырлықтағы жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Әзербайжандағы БАҚ беттерінде стюардесса Айдан Рагимли ауруханада жатқан видеосы жарияланды. 

Ұшақ апатынан Әзербайжанның 37 азаматының 14-і аман қалды, 23-і қаза тапты. Қырғызстанның 3 азаматының бәрі дін-аман. Ресейдің 16 азаматының жетеуі қаза тапты. Борттағы Қазақстанның 6 азаматының барлығы көз жұмды.

Қазір оқып жатыр

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия отырысында не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы