USD
USD
USD

Ұшақ апаты: Республика бойынша қан орталықтарында 1,5 мыңнан астам адам 800 литр қан тапсырды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қан өткізу
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Екі күннің ішінде республика бойынша қан орталықтарында 1,5 мыңнан астам адам 800 литр қан тапсырған.

Ақтаудың өзінде донорлық пункттерге 490 адам келді, Астанада – 600 – ден астам адам, Шымкентте – 125, Ақтөбеде – 109, Жетісуда – 49, Қарағандыда-40, ШҚО-34 адам қан тапсырды және басқа өңірлерде де адамдар бұл апатқа бей-жай қараған жоқ.

Қарапайым адамдар, әртүрлі өңірлерден келген отандастарымыз бей-жай қарамай, қиындыққа бірден жауап берді.

Сонымен қатар дәрігерлер Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге қалай көмектескенін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.