USD
USD
USD

Үш тоннаға жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді

Алматы облысында полицейлер үш тоннаға жуық заңсыз балық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үш тоннаға жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысының тәртіп сақшылары мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзудың 346 дерегін анықтаған. Тіркелген деректер бойынша қылмыстық өндірістер қозғалған.

Биыл табиғат қорғау тәртібін бұзудың 31 дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде заңсыз балық аулаудың – 13, заңсыз аң аулаудың 10, ағаштарды отаудың төрт, жер қойнауын заңсыз игерудің үш дерегі бар. Сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталған соң істер сотқа жолданатын болады”, - деп хабарлады Алматы облысы ПД ЖПҚБ Табиғат қорғау полициясының инспекторы Бағлан Рымжанов.

304 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Аң аулау тәртібін сақтамаған 200 жуық аңшыға тиісті хаттама толтырылса, заңнама талабын бұзған 67 балықшы айыппұл арқалады. Тәртіп сақшылары жыл басынан бері браконьерлерден заңсыз ауланған үш тоннаға жуық балық, бес қайық пен заңсыз кесілген алты текше метрден астам ағаш тәркілеген. Сонымен қатар, құқық бұзушылардан 136 дана құрал-жабдық табылған. Оның ішіндегі 30 астам атыс қаруының тоғыз данасы заңсыз сақталғаны әшкере болды.

 

Қазір оқып жатыр

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.

Никол Пашинян үкіметтің отставкасы туралы өтінішке қол қойды

Никол Пашинян

Алматыда жасөспірім қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

.

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.