USD
USD
USD

Үш спортшы әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

Халықаралық дзюдо федерациясы 2021 жылдың қорытынды рейтингін шығарды.

Үш спортшы әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық дзюдошлар арасынан үш спортшы әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді.

60 келі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов 10-шы орында, ал Ғұсман Қырғызбаев 9-шы орын.

66 келіде Ерлан Серікжанов Әлемдік рейтингте 22-ші орынға жайғасты.

73 келіде Жансай Смағұлов отандық дзюдошылар арасынан ең жоғары тұр. Жансай 8-ші орынға тұрақтады.

81 келіде өнер көрсететін Дидар Хамза 32-орында болса, 90 келіде Ислам Бозбаев 18-ші орында тұр. Ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев Әлемдік рейтингте 33-ші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, келесі маусымнан бастап, ұлттық құрамадағы дзюдошылар өз салмақтарын ауыстырады. Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев 66 келіге ауысса, Ерлан Серікжанов 73 келіде бақ сынайтын болады.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан