USD
USD
USD

Үш партияны тіркеуге құжат тапсырылды

Бұған дейін құжаттары бірнеше рет кері қайтарылған "Ел тірегі", "Байтақ" сынды бейресми партиялар тағы да тіркелуге өтініш берген. 

Үш партияны тіркеуге құжат тапсырылды
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы inbusiness.kz  сайты хабарлады.

Аcтана, NEGE. "Үш партияны тіркеу мәселесі қаралып жатыр", - деді Әділет министрі Қанат Мусин сенат кулуарында журналистерге.

"Ұйымдастыру тобының ішінде әр адамның мәліметтері көрсетілуі керек. Кей жағдайда адамдардың ЖСН-і сәйкес келмейді, ал бір жағдайларда өмірден өткен адамдар ұйымдастыру тобының тізіміне кіргізілген. Сондай-ақ басқа партиялардың мүшелері де кездесіп жатады. Бұл кісілер заң бойынша тізімнен шығарылуы керек. Осы орайда ұйымдастыру тобындағы мүшелердің саны тиісті межеге жетпей қалып жатады", - деп түсіндіреді Қ. Мусин. 

Оның айтуынша, олар құжаттарын дұрыс тапсырса, міндетті түрде тіркеледі. 

"Қазір партияны тіркеу үшін ұйымдастыру тобының саны 1000 адамды қамтуы керек. Ал партияның мүшесі 20 мың болуы тиіс", - деді ол. 
 

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер