USD
USD
USD

Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 1 қаңтарда Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман түседі. Күндіз өңірдің солтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

1 қаңтарда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болады. Атырау қаласында да тұман, көктайғақ.

1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында көктайғақ. Түнде және таңертең тұман түседі.

Қазір оқып жатыр

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana