Үш облыста дауылды ескерту жарияланды
Бүгін Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Алматы, NEGE. «25 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі», –делінген жексенбіде таратылған хабарда. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %.
«25 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстік жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», – делінген хабарда.
Метеорологтардың айтуынша, 25 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %.
Сондай-ақ, бүгін Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте қар жауады.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, кейде қар жауады, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады 9-14 м/с. Күндіз -6-8, түнде -11-13.
Алматыда көшпелі бұлтты, кейде қар жауады, солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел тұрады. Күндіз 0-2, түнде -3-5.
Шымкентте көшпелі бұлтты, қар жауады, көктайғақ, батыстан 8-13 м/с жел тұрады. күндіз 0-2, түнде -5-7.