USD
USD
USD

Үш облыста бірқатар жол жабылды

 Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында боранға байланысты бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы. 

Үш облыста бірқатар жол жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола облысында 23 ақпан күні сағат 22.45-те ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) төмендегі жолдарда барлық көлік түрінің жүруіне тыйым салынды: 1. «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» 16-200 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысы аралығы. 2. «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» жолының 16-51 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы аралығы. Павлодар облысында 23 ақпан күні сағат 22.45-те Ақмола облысы аумағында ауа райының нашарлауына байланысты «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» жолының 200-254 шақырымы, Ақмола облысының шекарасы мен Шідерті кенті аралығында барлық көлік түрінің жүруі шектелді.

Қарағанды облысында 23 ақпанда сағат 22.45-те Ақмола облысы аумағында ауа райының нашарлауына байланысты «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» жолының 51-104 шақырымы, Ақмола облысының шекарасы мен Нұра кенті аралығында көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынды. Елордада 23 ақпанда ауа-райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын) «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» жолының 19-180 шақырымы (Нұр-Сұлтан қ. – Қорғалжын қорығы) аралығында автокөліктің барлық түрлеріне жабық.  

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес