USD
USD
USD

Үш мың ломбардтың нешеуі заңды жұмыс істейді?

 Жыл басында елімізде 3000-нан астам ломбард жұмыс істеп тұрды. Алайда оның 700-і ғана мемлекеттік тіркеуден қайта өткен.

Үш мың ломбардтың нешеуі заңды жұмыс істейді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Енді келесі жылдың басында олардың бәрі лицензиялаудан өтуі тиіс. Әйтпесе шағын несие беру құқығынан қағылады. Биылдың өзінде ел аумағындағы ломбардтардың саны 4,5 есе азайған. Қарыз беру ұйымдарының дені төтеден келген тезге шыдас бермеді. Пандемия салдарынан екінші тоқсанда тек қашықтан қызмет көрсету мүмкіндігі бар ломбардтар ғана шағын несие беріп, халыққа қызмет көрсеткен.

Дегенмен, кәсіпкерлердің осалдығын пайдаланған жалған ломбардтардың да төбе көрсеткені белгілі. Алданған азаматтар бар. Енді қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігі лицензиялау арқылы халықты алаяқтықтан қорғауды көздеп отыр. Алайда Ломбардтар лигасы қауымдастығының төрағасы Роберт Абзалиловтың айтуынша, микроқаржылық ұйымдар нарықтың 4 процентін ғана құрайды екен. Микроқаржылық ұйымдарды лицензиялау бірнеше талаптар бойынша жүзеге асады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы